Тәрбие жұмысының жарты жылдық есебі
2016-2017 оқу жылындағы 7 «ә» сыныбының
тәрбие жұмысының І жартыжылдық есебі
Оқу жылының І жартысындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлау мен тиімділік мақсатын талдау:
Биылғы 2016-2017 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жасадым.
2.Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:
Барлық 21 оқушының 11 қыз, 10 ұл.
Көп балалы отбасынан- 5 бала
3.Сынып ұжымы дамуына талдау:
Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Әлсейіт Аружан және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар: Әлсейіт Аружан, Әріпбек Қарақат, Машрап Әли, Шәрібек Сая. Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз балалар өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз балалар сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.
Сынып оқушылары қазақ тілінен, орыс тілінен, биологиядан, технология және дене шынықтыру пәндерінен түрлі үйірмелерге қатысады.
Оқушылар апталықтарда, мектептің түрлі іс-шараларында қатысып, белсенділік таныта білді.
4.Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуын талдау:
5.Сынып оқушыларының дамуына талдау:
Оқушылардың көркем-эстетикалық, еңбек және шығармашылық таным деңгейі, сынып кабинетінің тазалығын ұстау, мектеп формасын кию, сынып кезекшілігін жауапкершілікпен атқаруда, сенбілік жұмыстарын жүргізуде олардың еңбек, көркем –эстетикалық деңгейін өте жақсы деп бағалауға болады.
Оқушылардың әлеуметтік- мәдени өзгерісінің дамуына мектепте өтетін іс-шараларға қатысады
1.Сәбит Құрмет,2.Әріпбек Бекзат.
6.Отбасы мен педагогикалық қарым-қатынастың талдануы
Оқушы ата-аналарының сыныптың тәрбиелік қызметіне әсері бар. Сыныптағы ер балалар мен қыз балалардың қарым-қатынасының қалыптасуында кемшіліктерді жоюға, болдырмауға, тәрбие туралы әңгіме өткізуге ата-ана Қарабаева Э., Жәпенова Манат ат салысты
7.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының тиімділігі мен сыныптағы тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуына талдау:
Сыныпта өткен тәрбие шараларының мазмұнынан оқушылардың аса ықыласпен қабылдағаны:
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағаты;
Оқушылардың рухани қалыптасуы мен дамуына әсер еткен тәрбие
«Әдепті бала-арлы бала», «Денсаулық-зор байлық »
Саналы тәртіп пен еңбекке деген жауапкершілікті қалыптастыруда
ықпал ететін шараларға
Сынып жиналысы, қыздар жиналысы, ұлдар жиналысы өткізілді.
Сыныптағы тазалық жұмыстарын жүргізу.
Сәттілік пен табыс, тәжірибе жинақтау жайында:
Сынып оқушыларының бойына өз еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым. Олардың жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын.
Тәрбиешінің жасаған жұмысы бойынша жылдық есебі
2 сәбилер тобы, Айгөлек
Ұлдар – 14, қыздар – 16. Жас ерекшілігі – 2-3 жас.
Жыл бойы балалар жасына сәйкес дамыту бағдарламалық материалдарды
оқыған және дамудын барлық бағыттары бойынша оң динамиканы көрсетті. Барлық балалар балабақшаға жақсы бейімделген.
Сапалы тәрбие жұмыс өткізу үшін әртүрлі әдістер қолдандым:
2.Үлкендерден үлгі алу.
Жұмыс түрлері; 1.Ата-анамен жұмыс.
2.Балалардың өзіндік еңбегі.
3.Баламен тәрбиешінің қарым қатынасы.
Жыл бойы балалардын денсаулығын сактау және нығайту үшін әртүрлі
жағдайлар жасалды. Балаларды женіл киіммен жүруді, таза ауада бо-
луды, күн тәртібі бойынша, дене шыңықтыру жаттығуларына, қимылды
серуеннен келгенде, өзінін жеке сүлгісімен сүртінуды біледі. Жеке
Үстел үстіндегі мінез- құлықтары да қалыптасқан- балалар тамақты
таза жеуге уйренді, көбісі алжапқышты пайдаланбайды.Дастархан
басында сөйлемеүді, тамақты дұрыстап шайнауды, қасық ұстауды
майлықпен қолдануды меңгерді.
Киімдерді дурыс шешіп және оны ретімен орындық басына жинап
қоюды, көмексіз киинуды үйренді. Біраз бала ғана үлкендердің
Айналамен таныстыру жұмысы жүйелі жүргізілді. Біз қоршаған орта-
нын жақын нысандарымен балаларды таныстырдық. Әлеуметтік
өмірдің құбылыстарымен, үлкендердін еңбегі туралы мағлумат бердік.
Нәтижесінде барлық балалар әртүрлі ойыншықтар, жиһаз, киім-кешек,
ыдыс- аяқ, көкөністер мен жеміс- жидек, көліктер атауларын біледі.
Барлық тәрбиеленушілер сондай –ақ топтық бөлмелерде бағытталған.
Көп көңіл балалардың табиғат біліміне аударылды. Құстар, үй жа-
нуарлар, жабайы аңдарды ажырата біледі. Біз табиги құбылыстар –
жапырақ түсу, қар жау,гүлдер, талдар түрлерін т.б табиғат тамашаларын
Қазір балалар амандасу, қоштасуды, сұрану деген сөздерді жақсы біле-
ді. Әр түрлі сұрақтарға бос жауап береді.
Жыл сонында балалар түрлі түсті заттарды топтастыруды біледі,
алға, артқа, биік, төмен, қысқа, ұзын,пішіндерді, түстерді, ертегінің
кейіпкелерің т. б түсініктерді меңгерді.
Жыл барысында топта мерекелер аталып өтті. Қазан айында топта
‘’ Арайлы алтын күз” мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар мен ата аналар
белсене қатысып, мерекеміз ойдағыдай болды.Жеміс – жидек,көкөніс-
тердең әртүрлі мүсіндер жасалды, дәмді әсем безендірілген салаттар
әкелінді. Балалар әдемі киімдерін киіп ойын ойнады, қыздар жапырақ-
тар биін биледі. Тілі анық шыққан 3-4 бала тақпақ айтты. Топтын ішін
күз тематикасы бойынша безендірдім.
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні өткізілді. 3 ана қатысып
балалардың балабақшадағы өміріне, ішкі тәртібіне куә болып, өз
пікірлерін білдірді. Балаларға үстел үсті театырын қойып “Бауырсақ”ертегі
көрсетіп айтып бердім.
Жаңа жыл қарсанында балабақша ішінде “Ең үздік қар мүсіні”
және нәтиже бойынша байқаудың женімпазы болып атандым. Ақшалай
сыйлық және грамота алдым.
Әйелдер күніне арналған күнге “Анам- күнім” деген ертеңгілік
дайындадым. Аналарына арнап балалар тақпақ айтты, қыздар гүлдер
биін билеп берді. Мереке көңілді, қызықты өтті.
ғы мәселелер талқыланды. Ата аналар комитеті сайланды. Балаларға
қатысты кеңестер берілді. Төлемақы туралы ескерту айтылды.
Келесі оқу жылына мен жоспарлап отырмын;
Топта қолайлы эмоциялық –психологиялық климатты сақтау.
Педагогтар, балалар және ата аналар арасындағы қолдау
Балаларға жеке көзқарасын дамыту, оқыту әдістерін пайдалану.
«Балдәурен»тобының жылдық есебі Планирование
Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің «Балауса»ясли бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Тәрбиешілері : Махамбетова Тастыбике Базарқызы
Ергебек Жазира Әбенқызы
Тәрбиешінің көмекшісі: Елеукенова Сауал
2017-2018 жылдық аралығындағы №7 «Балдәурен» ересек тобының тәрбиеленушілері және ата-аналармен өткізілген ашық оқу қызметі, ашық шаралардың өткізуі туралы жылдық есеп жиынтығы.
2017 жылдың 17 шілдесінен бастап №7 «Балдәурен» ересек тобын тәрбиешілер Тастыбике Базарқызы, Жазира Әбенқызы,көмекші Сауал Елдесқызы қабылдап алдық.
Топқа 25 бала қабылданды.
Ересек топтың мақсаты: Тәрбиеленушілердің 5 сала бойынша білімдерін кеңейту.Әр саланың өзіндік міндетін,мақсатын балаларға таныстыру.
Денсаулық сала бойынша:Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету. Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеаналық талаптарды орындауға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дұрыс өсіп-жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету.
Коммуникация саласы бойынша: Балалардың сөйлем, сөз туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтып, сөйлемді дұрыс құрауды үйрету; Сөздік қорларын молайту; Құстарға қамқорлық жасауға, табиғат аясында өздерін дұрыс ұстауға тәрбиелеу. Балаларды әрпімен таныстыру; айтылу ерекшелігіне назар аударта отырып, «ата» сөзіне дыбыстық талдау жасату. Балаларға буын туралы түсінік беру; сөздерді баяу айта отырып, буынға бөлуге үйрету. Сөйлеу – тек қана адамға тән әрекет екенін түсіндіру. Сөз бен оның көлемі туралы, жалпы «Тіл дамыту» әлемі туралы түсінік беру; Сөздерді дұрыс қолданып, ойларын ашық айтуға, бір – біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, жүйелі сөйлеуге талпындыру;
Шығармашылық саласы бойынша: Балалардың ойлау қабілетін дамыту , мазмұнды композиция салу, заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру дағдыларын дамыту,мерекені сезіне білу дағдысын қалыптастыру. Балаларға домалақ, сопақша және шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерді ажырата білуге үйрету. Жемістер мен көкөністердің түсін, пішінін ажырата білуге дағдыландыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. (қайшы, желім, қағаз) Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру; Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту;
Әлеумет саласы бойынша: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру. Балаларды сәлемдесе білуге үйрету. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Ата-аналармен жүргізілетін жылдық жоспар құрылып,жоспар барысы таныстырылды.
Тәрбиеленушілердің құжаттарын қабылдап,ата-аналармен алғашқы ата-аналар жиналысын ұйымдастырдық. Жиналыста «Балауса»ясли бақшасының келісім шартымен таныстырып,келісім шартқа қол қойғызылды.«Балдәурен»тобының тәрбиеленуші және ата-аналармен өткізілетін жылдық жоспармен таныстырылды.
№ 7 «Балдәурен»ересек тобының тәрбие жұмысының жоспары
Шығармашылық топтың жылдық есебі
«М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Екінші (негізгі) деңгейлік курстан өткен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» шығармашылық тобының жетекшісі
Маметекова Светлана Букеевнаның жылдық рефлекциялық есебі
Жаңа бағдарламадан күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін «Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей әрқашан мектепте мұғалім көшбасшылық атқара білуі керек. Шығармашылық тобының жетекшісі ретінде мұғалімдермен және оқушылармен жұмыс істеу барысында олардын пікірі мен санаса отырып,олардың бойындағы бар қасиеттер айтып көмектесіп аша білу керек.
2014-2015 оқу жылын жаңа сындарлы оқыту жүйесімен бастадық.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» шығармашылық тобының жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді. Шеберлік сабақ жоспарыға біршама өзгерістер енгізілді, аталған модульдер бойынша құрастырып, бағдарламаның білім саласына енгізіп жатқан өзгерісін іс-тәжірибеде қолданып, бақылау жасадық, зерттеу жүргіздік. Бірінші күннен бастап-ақ жаңа тәсілдердің идеяларын қолдана бастадық. Әрине, жаңа бағдарлама енгізу кезеңінде көптеген қиындықтар кездесті. Себебі, қалыптасқан дәстүрлі тәртіпті өзгерту оңай емес. Осыған қарамастан жаңа оқытудың теориялық негіздерін игере отырып, оқушылардың да өз тарапынан бұл өзгерісті қабылдауға біртіндеп бейімделе бастады.
Мұғалім заман ағымына сай үнемі даму үстінде болу қажет. Даму ол бір сарынды үдеріс емес ол озық техналогияларды жете меңгеріп, қазіргі жеткен жетістіктерінен де жақсы жетістіктерге жету қажет.
Міне жаңашыл мұғалімнің жаңа көзқарастары, озық мемлекеттердің жаңа техналогиялары мен танысып, оны өз тәжірибесінде жетік пайдалана алу. Деңгейлік курстың мақсаты да сол.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажеттігін көрсетті.Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру жеткіліксіз.Құзіреттілік – нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу,проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайды.
Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді.
Қыркуйек айынан бастап топ мүшелері «Диалог оқыту негізінде оқыту және оқу үрдісін белсендіру» «Оқыту үшін бағалау және бағалау-оқыту сапасын жақсартатын формативтік бағалаудың тиімділігі» «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. 7 модульді сабаққа қалай кіріктірем» «Мұғалімге қойылатын құзыреттілік талаптарын талдау және тиімділігін бақылау» «Бірлескен оқу және топтық жұмысты ұйымдастыру» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» 7 модульді оқу үрдісіне кіріктіру«Сыни тұрғысынан ойлау арқылы білім сапасын арттыру» «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту» «Біз қай жерде тұрамыз?» «Lesson study топтарын құру жолдары» «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» «Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары.» «Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану.» «Әлем өзгереді-бізде өзгереміз» «Дарынды және таланнты балаларды диалогті оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» «Топ ішіндегі топ басшыларының жұмысы» тақырыбындағы коучингтерге қатысып, өз білімдерін котеріп, алған білімдерін практикада пайдаланды. Коучинг-әртүрлі адамдарды бірге қосудың оңтайлы тәсілі. Коучингтің басымдылығы:7 модуль туралы жалпы түсінік беру,оқытудың жаңа тәсілдерді қолдана отырып мектепте білім сапасын көтеру.
Шығармашылық топ жетекшісі ретінде жұмыстың жоспарлы түрде орындалуын қамту, жұмысты жүйелі, нәтижелі ұйымдасуын қадағалау, тәжірибеде пайдалану мақсатында мұғалімдермен кәсіби әңгіме жүргізу, әңгімелесу, сабаққа қатысу,сұхбаттасу жұмыстарын жүргіздім. Бірінші күннен бастап-ақ жаңа тәсілдердің идеяларын қолдана бастадым. Әрине, жаңа бағдарлама енгізу кезеңінде көптеген қиындықтар кездесті. Себебі, қалыптасқан дәстүрлі тәртіпті өзгерту оңай емес. Осыған қарамастан жаңа оқытудың теориялық негіздерін игере отырып, мұғалімдерді де өз тарапымнан бұл өзгерісті қабылдауға біртіндеп бейімделе бастадым.
Мектепте қыркуйек айынан бастап шеберлік сабақтар өтті. Мақсаты: мұғалімдерге қалай оқу керектігінің әдісін үйрете отырып, оқу үдерісінде саналы түрде қолдануға ықпал ету. Әр мұғалім 7 модульді өз сабақтарында пайдалануды, қалай бағалай алуды, топтық жұмыстарды ұйымдастыруды түсінеді. Әріптестерге кәсіби қолдау көрсетуге дайын болады. Бағдарламаның жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылды
Күнделікті сабақ жоспарларына біршама өзгерістер енгізді. Сабақ жоспарын аталған модульдер бойынша құрастырып, бағдарламаның білім саласына енгізіп жатқан өзгерісін іс-тәжірибеде қолданыун, бақылап, зерттеу жүргіздім. Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» шығармашылық тобының жыл бойына жоспар құрып, істелінген жұмыстар хаттамаға жазылып отырылды. Мұғалімдерге қолдау көрсету, оқушылардың сабаққа деген мотивациясын дамыту, Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. 7 модульді сабаққа қалай кіріктірүді үйрену, Мұғалімдерді заманауи мұғалімге қойылатын құзіреттілік талаптарымен қаруландыру сияқты мақсат қойылды. Іс-әрекеттегі зерттеуде «Lesson Study» өтті. Зерттеу 8 сынып оқушыларымен жүргізілді.Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылды.
Зерттеу соңында оқушылардан сұхбат алынды..Бұл тәсілді сабаққа енгізудің тиімділігі үлкен екендігі көрінді.
Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылды.
Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс
Мен осы курста алған білімімді әрі қарай дамытыт, жандандыруға тырыстым, өз білімімен әріптестерімен бөлісіп. Төмендегі мақалаларды басылым беттеріне шығардым.
Свидетельство о публикации в социальной сети взаимовыручки для учителей методической разработки «КСП по теме « Сложные прилагательные. 8 класс » web-адрес: infourok.ru – № 0347833 htm от 29.01.2015
Свидетельство о публикации в социальной сети взаимовыручки для учителей методической разработки «Краткосрочное планирование коучинг-сессии «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. 7 модульді сабаққа қалай кіріктірем» web-адрес: infourok.ru – № 350555 htm от 30.01. 2015
Жылдық есеп балабақша қорытынды
«Ертөстік» тобының жылдық есебі
Қантар айында Амангелді ауданының 89 жылдығына арналған мастер класс сабағы өтті.Онда балалар өз шығармашылықтарын шыңдай түсті.Су бояумен балалар ақ қағаз бетіне көркейіп келе жатқан ауданымыздың суретін салды. Бұл сабақ сайтқа жарияланды.
Ақпан айының екінші аптасында Білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Амангелді ауданында «Біз ағылшын тілін білеміз» атты ағылшын тілі апталығы өткен болатын.Ол апталықта «Жұпар» балабақшасының намысын қорғап барған Әділханова Асыл мен Дінмұхамедқызы Анель жеке грамоттармен марапатталып, 13 топтың ішінен 2 орынға ие болды.Амангелді ауданында ең алғаш ағылшын тілі апталығына қатысқан балалар тізімі деген атпан Әділханова Асыл және Дінмұхамедқызы Анель қызыл кітапқа енді.
Жеңіс күніне арнап «Айгөлек», «Ертөстік» топтары «Жеңісің туы желбіре» атты іс-шара өткіздік.Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Бұл мақала Амангелді арайы,Училеьская газеті,сайтта жарияланды.
Мамыр айында «Ертөстік» тобында «Қош бол жылы ұя» атты ертеңгілік өтті.Биылғы оқу жылында
Балабақшамыздан жалпы білім беретін мектепке он алты тәрбиеленушіні шығарып салдық.Ертеңгілік барысында кішкентай бүлдіршіндер білім беру саласының бес саласы бойынша білімдерін бекіте отырып,өз өнерлерін ата-аналарына паш етті. Бұл мақала Учительская плюс,Амангелді арайы газетіне,сайтқа жарияланды.
Осы оқу жылының аяғында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алтын сақа» сайысы өтті.Бұл сайысқа үш бала апардық. Бірлік Жалғас бірінші орын,Тұрғынов Нұралы екінші орын, Қалыбек ұлы Мәди үшінші орын сияқты жүлделі орындармен оралды.
Сонымен қатар Аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Түйме қыз» байқауы өтті. Бұл сайыста екі тәрбиеленушімде құр келмеді қанжыларына Аманжолова Жанерке бірінші орын,Оразғалиева Айзере екінші орынды иеленіп келді. Бұл екі байқаудында мақсаты жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қазақтың көнеден келе жатқан асық ату салтын дәріптеу болып саналса,қыз баланың инабатты,ибалы болуына бағыт бағдар беру.