6 тәсіл: төсек ләззатын сезіну үшін не істеу керек?
Ерлі-зайыптылар оңаша отауда барынша сезімдеріне ерік беріп, бір-біріне естен кетпестей тәтті шақты сыйлағысы келеді. Алайда, бірсарынды қалыптан шыға алмай жүрген ерлі-зайыптылар үшін бүгін ашық тақырып өткізбекпіз. Өйткені, бір-біріне тән қалауларын ашып айта алмайтындарға бұл кеңесіміз өте қажет. Әрбір отбасылы адам төсек қатынасынан алатын әсердің жаңарып отырғанын қалайды. Осылайша жатын бөлме майданындағы құштарлық сезімін бір-біріне ғашық жұп ұмытылмас сәтке айналдыра алады.
Ол үшін біз ұсынған 6 кеңес арқылы жыныстық қатынастан ұмытылмас әсер алуға ұмтылыңыз.
Төсек қатынасының ең тәтті сәтінің шарықтау шегі 13 минутқа ғана созылады екен. Одан кейін серігіңіз қанша керемет шебер болса да, миыңыз ештеңені қабылдамайды.
Сондықтан да біздің берер 6 кеңесіміздің мақсатын ұғып алыңыз, сізге әр жыныстық қатынастан жаңа әсер алуға көмек береді деген ойдамыз.
1.Жұптардың бірі екіншісіне тәуелді болу
2.Төсек қатынасының «ЖАБАЙЫ» түрі
Жаңбыр құрттары «69» тәрізді дене қалпында жыныстық қатынасқа түседі. Ал аралар ауада қалқып тұрып-ақ тірліктерін жасайды. Бұл жәндіктердің жыныстық қатынастарына мысал. Хайуандардың құштарлығы бірін-бірі тістелеп бастап, махаббат ойынына ұласуынан байқалады. Сол сияқты құштарлықтың құшағында есі кетіп, денесіне толықтай ерік беріп, хайуандарша қимылдардан ләззат алатын адамдар да бар. Жыныстық қатынастың мұндай «жабайы» түріне таңертеңгі уақыт қолайлы және оның әсері де керемет болмақ. Тәтті толқындарда шомылып жатып, қабырғаның ар жағындағы көршілерді де, біраздан кейін болатын маңызды жиналыс туралы да ұмытасыз. Аты айтып тұрғандай, ештеңеге мән бермей жануарларша ырылдап, серігіңді тістелеп, бір сәтке жабайы аңға айнал. «Шабандоз» және «догги стайл» дене қалыптарын пайдаланудың ең оңтайлы сәті сізге естен кетпес құмарлық қуанышын сыйлайды.
3.Қарапайым төсек қатынасы
Аты айтып тұрғандай, жыныстық қатынастың бұл түрімен кез-келген жұп айналыса алады. Ерекше «жаңалықты» қажет етпейтін кәдуілгі қатынастың бұл түрінің ләззаттың ұшар шыңына жеткізеді деп айту қиын. Қарапайым, күнделікті жыныстық қатынастан алатын әсердің сапасы орташа болады. Ол адамның есі кететіндей әсер бере алмайды. Алайда, көптеген жұптар БІРІНШІ немесе ЕКІНШІ дене қалпын қолдану арқылы тамаша ләззат ала алады. Олар көбінде қатынастарын аймаласу, сүйісу сияқты әрекеттермен түрлендіреді. Ал солар өз кезегінде уақыт өте келе жалықтырып жібереді. Бірақ аз әрекет ете отырып-ақ ләззат алуды қалайтын жандарға мұндай тәсіл керек-ақ. Тіпті, құштарлығы басым жандардың арасында жыныстық қатынастың бұл түрін қалайтындар баршылық. Оның үстіне серігіңізді жақсы білген жағдайда еш ойланбастан төсекте неше түрлі тәжірибелерді жасап көруге болады. Егер сүйіктіңізге ләззат сыйлаудың тым болмаса 1 тәсілін білетін болсаңыз, бұл тәжірибелердің нәтижесіз болмасына сеніңіз.
4.БАЯУ жыныстық қатынас түрі
Жыныстық қатынастың мұндай түрін қолдамайтын адамдар көп. Дегенмен, мамандар ерлер арасында олардың жыныстық қатынаста нені қалайтындықтары туралы сауалнама жүргізген. Нәтижесінде олардың көбінесе кенеттен аяқасты болатын қатынасты қалайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, еркектер әйелдердің өздігінен қозуын қалайды екен. Олай болса, бұл біздің қолымыздан келеді. Эротикалық тосынсый үшін оның таңертеңгі жаттығулардан кейін себезгі қабылдап жатқан кезі өте қолайлы болмақ. Бастысы, мұндай қатынас ол күтпеген уақытта және күтпеген жерде болуы керек.
6.ӘЙЕЛ басымдық ететін жыныстық қатынас
Әрине, төсек қатынасы барысында әйелдің басымдық алғаны барлығына бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Дегенмен, жатын бөлме ойынына түрлендіру енгізіп көріңізші. Еркектер ондайда қоза түседі. Өйткені, әйелдің емеурінін сезінген еркек әйелдің бар тілегін орындап, оның көңілінен шығуға тырысады.
женская, мода, красота, одежда, массаж, салон, наращивание, ресницы, гель, акрил, ногти, брови, женская косметика, женские куртки, шапки, имена, стрижки, костюмы, сериалы, женский туалет, обувь, женский доктор, стиль, женское белье, счастье, здоровье
Күйеуім бола тұра, жезөкше болып шыға келдім
Мен 1989-шы жылғымын, отбасылымын, бес жасар ұлды тәрбиелеп отырмын. Ата-енем, қайынініммен тұрам.
Өзім бір үйдің еркесі болдым. Қыз кезімде көп қыдырып, жігіттермен жүрдім. Дискотека, отырыстарды жібермеймін. Қасымда құрбым бар, көрші өстік, бала кезден доспыз. Екеуміз қайда жүрсек те біргеміз. Ол бірақ маған қарағанда ұсқынсыздау, жігітпен жүрмейтін, сондай қыз болды. Сөйтіп, шағын ауыл болса да, жүріп, біраз нәрсені көріп қалдым. Ішу, шегу, жігітпен жату деген жоқ бірақ. Мектепте алдыңғы қатарлы қыз болдым. Жоғары класстың жігіттері мені ұнатып, соңымнан қалмайтын еді. Бірнешеуімен мектеп бітіргенше жүріп те шықтым. Сосын қалаға кеттім. Әлгі құрбыммен бір үйді жалдап тұрдық. Осылай жалғаса берді қалада да.
Бір күні намаз оқитын жігітке тап болдым. Ол жігіт мені ұнатып қалып, сонымен жүріп кеттім. Көп нәрсені үйретті, түзу жолға салды. Бір жыл жүріп қосылып қойдық. Екеуміз үйленетінімізге сенімді болдық. Намаз оқитын болғасын, мен де оған қатты сендім. Оның бір жақын досы бар еді, ол үйленген, балалары бар. Сол жігіт өртте қатты күйіп қалып қайтыс болды. Сосын менің жігітім оның жесірі мен балалаарын жетімсіретпеймін деп, сонымен некеге тұрып, үйіне кіргізіп алды. Маған «бәрін досым үшін істедім, солай болу керек, екінші әйелім боласың, сені тастамаймын, жақсы көрем» деді. Бәрін жеңіл-желпі ойлай салады екен. Оған қой дедім. Хабарласпай, жоқ болып кеттім. Жылап, сағынып, біраз қиналдым.
Бірақ, жігіттердіңназары өзіме көп болса, тез ұмытады екенсің. Тағы баяғы күніме бастым, қаңғу, көшеге шығу, жігіттермен жүру. Қыз болмаған соң, қалап тұрасың, бірақ өзімді ұстайтын едім. Содан оқуды бітіріп, ауылға келіп, жұмысқа қосылдым. Ауылда да сол өмір. Жұмыс біткесін бойдақ қыздар болып жиналып, у-шу әңгіме, кафе, би деген сияқты ғой. Сөйтіп жүргенде ауылдас баламен таныстым. Ол Астанада оқыған, қалада жұмысы бар, менен бес жас үлкен, жап-жақсы жігіт екен. Соны қаратып алдым өзіме. Жүре бастадым. Телефонға маза жоқ, жеті сайын мен үшін келеді ауылға, кейде мен барам оған қалаға. Қыз емес екенімді айтып едім, ол жеңіл қабылдады. Ода тұрған түк жоқ, кәзір қыз деген жоқтың қасы ғой деді де қойды. Содан оған деген сезім пайда бола бастады менде. Біз бір жылдан аса жүріп отау құрдық.
Ол болса қалада, мен ауылда ата-ененің қасында. Қасына шақырмады, өйткені үйіміз жоқ қалада, өзі біреудің үйінен бөлме жалдап тұрады. Енем де «барма, ақшасын жисын, күйеуіңді көрмесең өлесің ба, жұрттыкі айлап-жылдап жұмыс кезіп жүреді, біздікі қайта келіп тұрады жеті сайын» деп ұрсып алды. Жарайды дедім. Міне, сонымен ұлым қазір беске келді, күйеуімде әлі ақша жетпейді пәтер алуға, жалдайық десем жынданады, отыр, су шықты ма деп айқаға басады. Амал жоқ отырмын. Бұрындары аптасына келетін еді, кәзірде өзі біледі, айына бір келеді, кейде екі айда бір келеді. Мен де ұлымды ертіп барып тұрам анда-санда. О баста сағынып, іздеп, күтетін едім, кәзір ондай жоқ. Түк сезінбеймін оған. Жақсы көрмейтінімді біліп жүрмін, кәдімгідей алыспын, суып қалғанмын. Көргенде жәй ғана амандасып қоямыз, төсекте де алыспыз. Оның басқасы бар екеніне сенімдімін. Ажырасып кеткім-ақ келеді, бірақ ұлым үшін әзірше шыдап жүрмін.
Өзім жұмыс жасаймын. Өзіме жетеді тапқаным. Жолдасым дым бермейді, жинап жатырмын, депозитке салып жатырмын дейді. Казір тіпті сұрамаймын, өзі білсін. Отбасы сияқты емеспіз. Мен әшейін ұлының мамасымын. Болды. Ата-енеме қызмет қылам бірақ.
Бұрыңғы достарыма қайта қосылдым. Баяғыдай күнде емес, мейрамдарда, демалыста бір шығып серігіп тұрам. Жұмыстан ерте шықсам солармен жүріп қалам біраз. Өзімнің бұрыңғы бірге өскен құрбым әлі тұрмысқа шыққан жоқ. Сонымен күштіміз әлі. Ол әп-әдемі болып кеткен кәзірде, мен шаңына татымай қалдым. Мент жігіті бар екен, сонымен таныстырды. Жігіті де әп-әдемі. Бір отырыста сол жігіттің жолдастарымен бірге отырдық. Ішінде біреуі ұнап қалды. Оған да мен ұнаппын. Звондап жүрді, үйге әкеліп тастап жүрді. Бірақ күйеуім бар десем дым да қылмайды дейтін. Мен де жындымын, сонымен кездесіп, жүріп жүргендей болдым. Ол отбасылы екен. Онымен болып қойдым. Үйге дым болмағандай келдім. Біртүрлі екен. Ондайға да үйрендім. Әйелінен айыру ойымда жоқ, тек анда-санда кездесіп, көңілдес болу ғой. Бары сол ғана, оның да мені ажырату деген ойы жоқ. Бәрі жасырын. Содан 8 наурыз күні қалаға күйеуіме баратын болдым. Демалысты соның қасында өткізем деп ойладым. Бірақ ол аяқ асты жұмысқа шығып, маған қайт деді. Ашуланып ауылға келдім. Жаңағы құрбыма бардым. Кешке кафеге шығамыз, мейрам ғой, біздің үйге қона кетерсің, бәрібір қалада деп ойлайды ата-енең дегесін келістім. Кафеге бардық, отырдық, іштік. Көңілдесімді күтіп едім келмеді. Кафе жабылғасын бәріміз құрбымның жігітінің үйіне бардық. Сонда жалғастырдық. Ұйықтап қалғанмын содан. Ертесіне есімді жисам жалаңаш жатырмын, құрбымның жігітінің құшағында. Күйеуіме ашуланып, бекер ішіппін. Есімде түк жоқ. Дереу киініп, кетіп қалдым үйіме.
Демалыс тып-тыныш өтті. Құрбым да хабарсыз, мен де солай. Содан жұмысқа шыққанда құрбым келіп быт-шытымды шығарды. Мен сол түні өзім жабысыппын ол жігітке, құрбымды тыңдамай, біраз сөз айтыппын, ол ренжіп кетіп қалған, ана жігіт те, мен де есімізді білмейміз. Болдыңдар ма деп сұрағанда, құрбыма жоқ дедім. Жігіті де солай депті. Енді ол жігіт менің көңілдесіме бәрін айтқан, екеуі бірігіп мені мазақ қылып жүр. Неше түрлі смс жібереді, көргенсіз видео-сүреттер жібереді, осылай істейік деп алма-кезек екеуінің айтпайтыны жоқ. Сыйламай кетті. Көңілдесім егер менімен кездеспесең, жалаңаш суреттеріңді күйеуіңе жіберем деп қорқытады Мен амал жоқ кездесіп жүрмін тағы. Құрбым араласпай қойды. Байымның түрі анау. Түңіліп жүрмін, ұлымның бетіне қарауға ұялам. Өзімді лас сезінем. Жолдан тайып кеттім осылай. Асылып өлгім келеді. Бәрің мені жазғырасыңдар. Өзіме сол керек. Тыныш жүргенімде ғой, бәрі басқаша болар ма еді.. Баяғы намаз оқитын жігіттің екінші әйелі бола салатын кісімін, мүлдем басқа тағдыр күткен шығар. Өзім кінәлімін бәріне. Намазға жығылғым келеді, бірақ кешірілмес күнәларды үсті үстіне жасап қоя беремін. Қалай дұрыс жолға түссем екен?
18+: Тез жүкті болу үшін төсек қатынасымен қашан және қалай айналысу керек?
Жаңа үйленген жұптардың балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп. Ендеше, тез жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қашан жәле қалай айналысу керек? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.
Көрнекі фото: yandex.com: Twitter
Жыныстық қатынаспен қай күндері айналысу керек?
Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге мүмкіндік бар. Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары. Егер ұрықтандыру іске аспаса, овуляция кезеңінен 2 аптадан соң етеккір басталады.
Жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қанша рет айналысқан дұрыс?
Құрсаққа шарана бітуі үшін жыныстық қатынас аптасына 2-3 реттен кем болмауы тиіс. Егер күнаралата көк көрпені «бүлкілдетіп» тұрса, тіпті жақсы. Жүктілікті жоспарлап жүргендер етеккірден соң 10-шы мен 18-ші күндер арасында төсек ләззатынан күн сайын тоят тауып жүрсе, нәтижеге тез қол жеткізеді. Аптасына 1-ақ рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің жүктілікке қол жеткізу мүмкіндігі небәрі 10% ғана.
Төсек қатынасымен қай кезде күн сайын айналысу керек?
Иә, жүктілікке қол жеткізу үшін күн сайын жыныстық қатынаспен айналысуы керек күндер де бар. Ол – овуляция кезеңі басталғаннан бастап қатарынан төрт күн. Сонымен қатар, содан кейінгі 2 күнде жақсы нәтиже береді. Ал басқа күндері жұптардың қалауына қарай төсек қатынасынан ләззат тауып тұруына болады.Статистика бойынша, жыныстық қатынаспен күнде айналысатындар мен төсектен ләззатты күнара алатындардың жүктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей екен.
Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?
Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады. Егер еркекте сексуалдылық жағынан проблема болса, онда жүктілік үшін жұптардың таңертеңгі уақытта жыныстық қатынаспен айналысқаны дұрыс. Себебі, мұндай жағдайда еркектердің бойында құмарлығының оянуына себеп болатын тестостерон гормоны көбірек бөлінеді.
Жүктілік үшін белгілі бір поза жоқ. Мән беретін жайт – жыныстық қатынастан соң аталық ұрық сыртқа ағып кетпеуін қадағалау қажет. Осы жағдайды есепке алғанда, әйелдер үстіңгі жақтан келетін позаларды таңдамаған дұрыс болмақ. Мүмкін болғанынша, аталық ұрықтың аналығына тезірек жететін позаларды қолдану керек. Олар – «еркек үстіңгі жақтан», «тізерлеп-шынтақтап» және «бір бүйірмен жатып».
Жүкті болу үшін жыныстық қатынастан соң не істеу керек?
Төсектен тоят таба салысымен әйел шалқалай жатып, жамбасын сәл жоғары көтеретін жастықша қойғаны дұрыс. Бұл сперманың ағып кетпеуіне және ұрықтың тереңірек баруына көмектеседі. Қынапқа түскен сперматозоидтардың басым бөлігі 3-5 минут аралығында жатырға түсіп үлгереді. Олардың жолын қысқарту үшін және межеге жетуіне көмектесу мақсатында 15-30 минут бойы төсектен тұрып кетпей жата тұру керек.
Жыныстық қатынастан соң қанша уақытта жүкті болады?
Овуляциясыз жүкті болу мүмкін емес. Егер аталық ұрықтың сапасы мен мөлшеріне проблема болмаса, тұрақты жыныстық қатынас жатыр ішінде сперматозоидке жайлы жағдай жасайды. Сол себепті, ол жеткен бойда аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігін жоғарылатады. Спематозоидтардың жылдамдығы минутына 3,5 мм. Демек, ол бір сағатта аналық жасуға жетіп үлгеруі тиіс.
Пікірталас /Қазақ тілі ІІ курс/
Ищем педагогов в команду «Инфоурок»
Сабақтың тақырыбы: Пікірталас, оның түрлері.
а) білімділік: білім алушыларға пікірталас және оның түрлері туралы түсінік бере отырып, ойын жүйелі, еркін жеткізуге, көпшілік алдында еркін сөйлей білуге дағдыландыру;
ә)тәрбиелік: тақырыпты ашу арқылы жастарды елжандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, пікірталастың қоғам дамуына, іскер адамдардың қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдай білу қабілеттерін игерту;
б)дамытушылық: і скерлік белсенділіктерін, ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Сабақтың түрі : Пікірталас сабақ ( дәстүрлі емес).
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, ойталқы, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, карточка, т.б.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)
а) топ оқушыларын түгелдеу.
б) білім алушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин)
а) Пікірталастың қоғамдағы орны қандай?
б) Сөз құрылымының негізгі түрлеріне тоқталыңыз?
( білім алушылар ұяшықтардан сұрақтар таңдап, жауап береді)
І. Тақырып анықтау (пікірталас туралы мәлімет).
ІІ. Оқығанды ұғыну ( сөздікпен жұмыс).
ІІІ. Жаттығулар жұмысы (өзіндік жұмыс).
І. Тақырып анықтау (пікірталас туралы мәлімет).
Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы-аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.
Пікіралмасу- латын сөзі (дискуссия), «зерттеу», «талқылау», «таңдау» дегенді білдіреді. Пікіралмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты-әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікіралмасу-дұрыстыққа қол жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені, қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы- латын сөзі (диспут), мағынасы-«ой жүгірту», «жарыссөз», «айтыс». Ойталқы-ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыс- көне грек сөзі (полемика), мағынасы-«соғысқұмар», «жаулық», «дұшпандық». Әрине, бүгінгі мағынасы басқаша: бірдеңені талқылау барысында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс. Жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеяға келіспестік, пікірдегі қарсылық. Пікірсайыс пен ойталқыда мәселені талқылай келе, бір пікірге, шешімге келуге тырысады. Ал пікірсайыстың мақсаты қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Мұнда сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі. Пікірсайыс бұлтартпас дәлелдерге, ғылыми аргументтерге жүгінеді.
Ойбөліс- француз сөзі (дебат), мағынасы-«айтыс», «жарыссөз». Ойбөліс-көпшілік алдында екі адамның не екі топтың ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір қарама-қарсылығы болғанмен, түсіністікке негізделеді.
Сөзталас- орыс сөзі (прения), мағынасы-бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, ойбөліс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс- қазақ сөзі, мағынасы-екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы, өнер сайысы.
Айтыс-қосынды жанр, мұнда ақындардың алғырлығы мен сазгерлік өнері, әншілігі, орындаушылығы бірге өріледі.
Айтыс-көнеден үзілмей келе жатқан өнер. Ақындар ел алдында, сыншы жұрттың алдында тұрып айтысады. Айтыс тек шешендік өнер емес, ел ішіндегі кем-кетікті көрсету, сын арқылы түзеу, ел қамын жеуден туған өнер.
ІІ. Оқығанды ұғыну ( сөздікпен жұмыс).
(дискуссия, диспут, полемика, дебат, прения, конференция, идея, аудитория, демократия)
ІІІ. Жаттығулар жұмысы.
Мәнерлі сөздің мәнін ұқ.
Даналық ойдан дән ізде.
Зерделі ойға зер сал.
83-жаттығу. «Шешендік шиырлары» кітабынан, 110-бет.
Сабақты пысықтау: (5 мин) ( Сабақ «Түртіп алу әдісі» бойынша қорытындыланады).
Оқушыларды бағалау: (1 мин) 7-8 оқушыны бағалау.
Үйге тапсырма: (2мин) 1. Г.Қосымова «Қазақ тілі: шешендік өнер» 11 класс, 109-112 бет.
2. «Тәуелсіздік-теберегім, теңдігім!» атты тақырыпта эссе жазу.
Күзембаева Гүлнар Алпысбайқызы,
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі
жоғары санатты қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Мектепке алып кіруге болмайтын заттар тізімі бекітілді
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Білім туралы» заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде. Тыйым салынған заттардың тізімі Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды, – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.
Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.
Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болады.